
Смағұлов Олжас Мұхтарұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі,
2025 жылғы 19 маусымда сайланған
1989 жылғы 27 тамызда дүниеге келген.
Білімі: American Intercontinental University, Pomona қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі.
Еңбек өтілі:
2013–2015 жылдар аралығында – Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Атырау облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында бас маман, басқарма басшысының орынбасары.
2015 жылғы қаңтар-қазан аралығы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы.
2015–2017 жылдар аралығында – Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2017–2018 жылдар аралығында – Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2018–2019 жылдар аралығында – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2019–2021 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2021 жылғы шілдеден қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2021–2025 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2025 жылғы маусым айынан бастап – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.